Жаңалық

Аида Балаева: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының нәтижелері санмен өлшенбейді

Аида Балаева: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының нәтижелері санмен өлшенбейді

ҚР Президенті телерадиокорпорациясының You-tube каналында «Балаеваға 3 сұрақ» бағдарламасының кезекті шығарылымы жарияланды. Шығарылымға «Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқау болды. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Бағдарламаның 4 жылдық қорытындылары мен негізгі құндылықтарына тоқталды деп хабарлайды Ruh.kz порталы.

Сұхбат барысында Аида Балаева «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аралық нәтижелері, қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру мәселесі, «Киелі Қазақстан», «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобалары, «Туған жер» бағдарламасы жөнінде айтып берді.

««Рухани жаңғыру» бағдарламасын бір жылдық, бес жылдық деп кезеңге бөлуге болмайды. Бұл – кешенді түрде тұрақты жүзеге асуы тиіс бағдарлама. Оның нәтижесі санмен өлшенбейді, сапалы болуы тиіс.

Ең бастысы, Бағдарламаның мәнін және мазмұнын түсіну керек. Мұның негізі, әр адамның бәсекеге қабілеттілігінде жатыр. Бәсекеге қабілетті адам бәсекеге қабілетті қоғамды құрайды. Міне, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі құндылығы – осы.

Біз прагматизмді бойымызға сіңіруіміз керек. Көл-көсір мерекелерден, тойлардан бас тартуымыз қажет.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аралық жетістіктері туралы айтқанда, мұнда сандық көрсеткіштерге сүйенудің қажеті жоқ. Ең бастысы – біздің сана-сезіміміздің өзгергені, қоғамның тұрақты сапалы дамуы. Мұнда әр қазақстандықтың үлесі зор», – деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы өтіп, көруге болады: https://www.youtube.com/watch?v=sMY_r4i0ArY

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button