Жаңалық

Шымкентте «Алғашқы жұмыс орны» жобасы іске қосылады

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІІ-бағыты аясында жүзеге асырылып жатқан жобаға 29 жасқа дейінгі және жұмыссыз жүрген азаматтар, жұмыс өтілімі жоқ жастар қатыса алады деп хабарлайды Ruh.kz порталы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы жұмысқа алғаш рет орналасатын, еңбек тәжірибесі жоқ жастарды қолдауға бағытталған.

Жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілермен келісім-шарт жасап, оқу орнын енді тәмамдаған жастар 24 ай жұмыспен қамтылады. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі төмендеп, жастар екі жылдық тәжірибе мен біліктілігін арттырады.

Жоба аясында жастарға жалақы төлеу де қарастырылған. Оның мөлшері 20 айлық есептік көрсеткішті құрап отыр.

Үміткерлер жұмыспен қамту орталығының тіркелген мекенжай бойынша аудан бөлімшесіне жеке куәлігі мен білімі туралы құжаттық көшірмесін тапсырып, өтінім бере алады.

Алғашқы жұмыс орнына орналасуға көп балалы немесе аз қамтылған отбасылар, еңбекке қабілетті мүгедектер мен техникалық және кәсіптік мамандық иелеріне басымдық беріледі.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button