Жаңалық

А. Балаева: «Отбасы институтына, бала тәрбиесі мен білімге ерекше көңіл бөлу керек»

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қатысуымен онлайн форматта «Рухани даму және ұлттық дәстүрлерді сақтау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті деп хабарлайды Ruh.kz порталы ведомствоның ресми сайтына сілтеме  жасап.

Отырысқа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәулеткерей Кәпұлы, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев, «Nur Otan» партиясы Қоғамдық саясат институтының директоры Мәдина Нұрғалиева және басқа да ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның, мемлекеттік органдардың көрнекті өкілдері, ҮЕҰ басшылары мен сарапшылар қатысты.

Министр Аида Балаева барлық шара қатысушыларын алдағы Наурыз мерекесімен құттықтап, «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық бірегейліктің негізін құрайтын мәдениет пен дәстүрлерді сақтау қажеттілігі туралы айтқанын еске салды. Осылайша, министр Президенттің тапсырмасы бойынша Наурыз мейрамын мерекелеу Тұжырымдамасының жобасы дайындалғанын, оған сәйкес мерекенің рухани-адамгершілік мазмұнын дамытуға бағытталған кешенді іс-шараларды іске асыру жоспарланғанын айтты.

Сондай-ақ, Аида Балаева бұл шаралар Елбасы – ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев идеялық бастамашысы болып табылатын «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір бөлігі болып табылатынын атап өтті.

Дөңгелек үстел қатысушылары рухани даму және ұлттық дәстүрлерді сақтау мәселелері бойынша өз ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

Іс-шара соңында, айтылған ұсыныстарды қорытындылай келе, Аида Балаева білім беру, бала тәрбиесі және отбасы институтын нығайту мәселелерінің өзектілігін айрықша атап өтті.

Министр бүгінгі күнгі бала тәрбиесіне, олардың ой қалыптастыруына – виртуалды әлемнің, бақылаудан тыс интернеттің ықпалы өте зор екенін айтты.

Осыған байланысты, ол министрлік «Ақылды ұрпақ», сондай-ақ бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған “Ulttyq tarbie” жобаларын іске асыратынын хабарлады.

Дөңгелек үстелге қатысушылардың барлық ұсыныстары мен ескертулері жинақталып, «Рухани жаңғыру» орталығының алдағы жұмысында ескерілетін болады.

Басқа материалдар

Back to top button