Жаңалық

«Астана Опера» үрмелі аспаптар квартеті халықаралық байқауда жеңіске жетті

«Астана Опера» симфониялық оркестрінің музыканттары, танымал Astrobones квартетінің мүшелері Фархад Болатов, Алмас Сағымбаев, Альбина Өтегенова мен Ерасыл Әмешов GRAND MUSIC ART музыканттар арасындағы бейнежазбалар бойынша X Үлкен Халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды деп хабарлайды Ruh.kz порталы театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байқауға қатысушыларды бағалау үшін Ресейдің және басқа да шет елдердің жетекші музыканттары шақырылған болатын. Үрмелі және соқпалы аспаптар номинациясы бойынша әртістердің талантын Мәскеу консерваториясының доценті, Ресей Мемлекеттік академиялық Үлкен театры оркестрінің солисі Алексей Корнильев,  Ресей Мемлекеттік академиялық Үлкен театры оркестрінің кларнеттер тобының концертмейстер-солисі Сергей Петров және Мәскеу консерваториясының профессоры, Шнитке атындағы МММИ профессоры, Ресей Мемлекеттік академиялық Үлкен театры оркестрінің солисі Эркин Юсупов бағалады.

Мәскеу байқауында 200 қаладан 2760 музыкант қатысқанын атап өту маңызды.

«Бізге бұл премияны алу жағымды әсер қалдырды және күтпеген оқиға болды. Бұл жолы біз жаңа құраммен өнер көрсеттік, әрине, қобалжыдық, бірақ барлығымыз талапты орындап біздің еліміздің музыкалық өнерін Халықаралық байқауда лайықты таныстыра білдік. Әсіресе бұл жеңіске жарқын Наурыз мейрамы қарсаңында қол жеткізу маңызды болды. Байқаулар музыканттар үшін өте маңызды, олар жаңа оң әсерлер алуға, музыкамен көбірек айналысуға, жаңа қиын шығармаларды дайындауға жетелейді. Бұл жеңіс бізге үлкен шабыт берді, енді көп концерттер беруді, түрлі қызықты бағдарламалар дайындауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ жоспарымызда Ресейде концерт беруді ойлап жүрміз, біздерді әлдеқашан фестивальге де шақырды, егер эпидемиологиялық ахуал мүмкіндік берсе, онда біз Қазақстанның өнерін Өзбекстанда да ұсынатын боламыз», – деп атап өтті квартеттің жетекшісі Фархад Болатов.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button