Жаңалық

Қазақстанда «Таза табиғат» экологиялық жобасы жалғасуда

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі және облыстық әкімдіктермен бірлесіп,  бірнеше аймақта ағаш отырғызу, айналаны қоқыстан тазарту, су көздерін ашу акцияларын өткізуде деп хабарлайды Ruh.kz порталы ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

Елімізде Мемлекет басшысының орман алқаптарында 2 млрд, елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын орындауға бастау берілді.

Түркістан қаласында бастау алған «Таза табиғат» экологиялық жалпыұлттық, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласында жалғасты.

«Мекенім – жасыл елім» акциясына 60 мың адам ат салысып, 486 мың түп ағаш отырғызылды. Оқушылардың «Менің ағашым» челленджіне 31 мың адам қатысып, 39 мың көшет егілді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында қоршаған орта ахуалын жақсарту бағытында тапсырмалар берді. Жалпыұлттық экологиялық шаралар Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасында, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында да қарастырылған. Өзге өңірлерде де осындай шаралар ауа райына байланысты сәуірде өтеді», – деді Түркістандағы науқанға ат салысқан Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Қала айналасында құрылып жатқан Жасыл белдеуге көп жылдық ағаш көшеттері егілді.

«Облысымыз бойынша 3 млн 131 мың га орман қоры жерлері бар, оның ішінде орманмен көмкерілген алқабы 1 млн 630 мың гектарды құрайды. Түркістан іргесіндегі Жасыл белдеу аумағын келер жылға дейін тағы 3000 гектарға кеңейтіп, толық аяқтау жоспары бар. Ал орман тұқымбақтарын дамыту үшін онда әр жылы 35,0-40,0 млн. әр-түрлі ағаш көшеттерін өсіреміз», – деп атап өтті облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Түркістан облысы әкімдігі мен министрлік бірлесе қабылдаған кешенді жоспарға сәйкес, 2025 жылға дейін өңір аумағында жалпы ауданы 110210 гектарға 170000,0 түп көшет егілмек.

Шара барысында ардагерлердің, отандық және Түркістан халықаралық медиафорумына жиналған түркітілдес елдер БАҚ өкілдерінің қатысуымен Қожа Ахмет Яссауи кесенесі маңындағы Ботаникалық баққа да ағаш отырғызылды. Жаңа әуежай жолындағы жеміс бауына өрік егілді. Саябақтар, аллеялар абаттандырылып, сенбілік ұйымдастырылды.

«Таза табиғат» жобасы шеңберінде жоғарыда аталған барлық өңірде қоқыстан тазарту мақсатындағы «Бірге – Таза Қазақстан» жобасы жалғасын тапты. «Таза су айдындары» акциясы аясында өзен-көлдер жағасы тазартылып, бұлақ көздері, суармалы су арналады аршылды. Ұлттық парктер мен басқа да табиғи аумақтарда «Парктер шеруі» өтті.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамымен құттықтауында «Таза табиғат жобасының маңызын атап өткен болатын.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button