Жаңалық

Қазақстан ЯСЖТШҰ органдарының бірін басқарды

Қазақстанның өкілі Венадағы Ядролық сынақтарға толық тыйым салу туралы шарт ұйымының басқару органдарының бірінің басшысы болып сайланды деп хабарлайды Ruh.kz порталы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығының Бас директоры Эрлан Батырбеков 2021-2024 жылдар аралығында ЯСЖТШҰ «Б» жұмыс тобының төрағасы қызметін атқаратын болады.

Қазақстанның жеңісі күрделі бәсекелестіктің нәтижесі болып, оның барысында Норвегия мен Парагвайдың өкілдері қарусыздану және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау мәселесінде еліміздің жетістіктері мен дәйекті саясатын мойындап, өз кандидатураларын ұсынудан бас тартты.  Бұл ұстаным елімізге әлемде ядролық жарылыстар жүргізу жөніндегі инспекциялық қызметті реттеуге мүмкіндік береді.  Жалпылай келгенде, ЯСЖТШҰ халықаралық бақылау жүйесіне әлемнің 185 елінен 302 станция кіреді.

Тәуелсіздіктің және Семей сынақ полигонын жабылуының 30 жылдығында Қазақстанның ЯСЖТШҰ негізгі органдарының бірін басқарғаны символдық сипатқа ие.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button