Жаңалық

Қазақстандықтар Версаль сарайына виртуалды саяхаттай алады

Қазақстан тұрғындары атақты Версаль сарайына онлайн экскурсия жасай алады, деп хабарлайды Ruh.kz порталы Қазақстандағы Франция Елшілігінің Instagram парақшасына сілтеме жасап.

«1 сәуірде Версаль сарайына өнертанушы гид Гарри Сафарянмен бірге виртуалды саяхат жасай аласыз! Экскурсия орыс тілінде жүргізіледі. Сіздер Версаль сарайының тарихы жайлы біліп, оның салондары мен апартаменттерін видеоматериалдар (картина, мүсіндер) мен суреттер арқылы көре аласыздар», – делінген хабарламада.

Елшіліктің мәліметінше, бірегей онлайн экскурсия Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18:30-да басталады. Шараға алдын ала жазылу шарт.

«Қызықты саяхаттан қапы қалмау үшін @franceaukz парақшасындағы «Онлайн мәдени шараларға жазылу» taplink-ін басу арқылы өтіп, формулярды толтыру керек. Тіркелген қатысушылар сілтемені шара болатын күні алады», – деп мәлімдеді ҚР-дағы Франция Елшілігінен.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button