Жаңалық

Ригада Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шараларды ұйымдастыру мәселелері талқыланды

Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Тимур Пірімбетов және Рига қаласы Думасының Төрағасы Мартинс Стакис арасында онлайн-кездесу өтті деп хабарлайды Ruh.kz порталы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде екі елдің астаналары арасындағы экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық, білім және ғылыми салалардағы ынтымақтастықтың жағдайы мен болашағы талқыланды. Ақпараттық технологиялар мен инновациялар, жасыл экономика, урбанизм, медицина және туризм саласындағы озық тәжірибелермен өзара әрекеттесу мен алмасуға ерекше назар аударылды.

Іс-шараға қатысушылар Латвия астанасында Нұр-Сұлтан мен Рига арасындағы бауырлас қалалық қатынастардың орнатылуының 15 жылдығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мүмкіндіктері қарастырылды.

Кездесу соңында тараптар екі-бауырлас қалалары арасында байланыстарды одан әрі дамытуға және нығайтуға мүдделі екендіктерін растады.

Басқа материалдар

Back to top button