Жаңалық

Абай мектептерінің бірлескен жұмыстары жандана түспек

Алматыдағы республикалық қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын Абай атындағы мектеп-интернаты мен Павлодардағы Абай гимназиясы бірлескен іс-шараларды арттыруды жоспарлап отыр. 

Абай гимназиясының  дарынды балалармен жұмыс жөніндегі директор орынбасары Бағдәулет Асанұлы Алматыдағы іс-сапар барысында республикалық мектеп-интернатының жұмысымен танысып, білім ордасының директоры Роза Сексеновамен желілік Абай мектептерінің алдағы міндеттерін талқылады.

«Келешекте Абай мектебі білім мен өнердің, ғылымның үлкен шығармашылық орталығына айналады деген сенім мол», – дейді Бағдәулет Асанұлы.

Еске сала кетсек, 2019 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі хакім Абайдың 175 жылдығына орай республиканың әр өңірінде гуманитарлық бағыттағы мамандандырылған «Абай мектептері» желісін құрды.

Павлодар облысындағы қара шаңырақ Абай гимназиясы да осы желілік мектеп құрамына кірген болатын.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button