Жаңалық

Павлодарда «Тәрбие алаңы» жобалық кеңсесі ашылды

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жобалық кеңсе оқытушылар қиын жасөспірімдердің мәселелерін мемлекеттік құрылымдармен бірге шешу үшін құрылған.

Жеті ведомство алдын алуш шараларын жүргізеді: білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, туризм мен спортты дамыту, ақпарат және қоғамдық даму басқармалары, сондай-ақ еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті, полиция департаменті, ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамы. Олардың барлығы тиісті меморандумға қол қойды.

«Тәрбие алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Саян Мұқановтың айтуынша, кеңседе ұйымдастырылған «Ашық алаң» диалог алаңы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың бірыңғай алгоритмін әзірлеуге және әлеуметтік қолайсыздықты жоюға мүмкіндік береді.

«Бұл жерде директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларға, балалармен тікелей жұмыс істейтін психологтарға, әлеуметтік педагогтарға әдістемелік қолдау көрсету қарастырлған», деді Саян Мұқанов.

Жобалық кеңсеге қатысушылар кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу мәселесінде мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру бойынша үлкен мақсаттар қояды. Бұл – педагогтардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру, оқушыларды сабақтан тыс іс-шараларға және сыныптан тыс іс-шараларға тарту, өмірде қиын жағдайға тап болған балалардың қоғамға бейімделуі үшін қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

«Бұл өте маңызды мәселе. Сондықтан  отбасы мен отбасылық құндылықтарды нығайтуға  ерекше назар аударып, отбасыларға әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесу қажет», – деп атап өтті облыстық мәслихат депутаты Динара Айтжанова.

Кеңсе М.М. Катаев атындағы облыстық оқушылар сарайында орналасқан. 326907, 8 705 482 4503 телефондары арқылы хабарласуға болады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button