Жаңалық

«Елбасы медалі» және «El Maqtanyshy» сыйлығы табысталды

Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманслямның қатысуымен Елбасының медальдарын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. 

Қалалық әкімдіктің мәлімдеуінше, «Елбасы медалі» атты ауқымды челлендж Нұрсұлтан Назарбаев Қорымен «El Úmiti» бастамасы аясында 2020 жылдың шілдесінде іске қосылды. Бұл бастама 14-29 жас аралығындағы дарынды жастарды анықтауға және қолдауға бағытталған.

Қор бірнеше білім беру жобаларын жүзеге асыруда: «El Maqtanyshy» сыйлығы, «Елбасы медалі» бағдарламасы, «Мың бала» ұлттық олимпиадасы. Жобаға қатысушылар жеті бағыт бойынша сынға түсті: спорт саласы, таланттарды дамыту, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, туристік саяхат және еңбек тәжірибесі.

Кезеңдерден өту алты айға созылды, жобаға қатысушылардың әрқайсысының өз тәлімгері болды, оны жоба ұйымдастырушылары тағайындады.

«Бүгін сендер ұстаздардың берген тәлімі, ата-аналар мен достарыңыздың қолдауы, ең бастысы қажырлы еңбектенудің арқасында жетістікке жетіп отырсыңдар. Жас болсаңдарда өз білімдеріңді дәлелдедіңдер. «Елбасы медалі» сендерді жаңа жеңістер мен жетістіктерге жетелесін», – деді Павлодар қаласының әкімі.

Шараға «Елбасы медалі» жобасында жеңіске жеткен Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінен 34 оқушы қатысты.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button