Жаңалық

«Халық мұрасын насихаттағаны үшін» сыйлығы табысталды

Қарағандыда Қазақтың ұлттық күнтізбесіндегі  9 сәуір – Мемлекеттік тіл күніне орай «Халық мұрасын насихаттағаны үшін» сыйлығы иегерлерінің есімдері аталды. 

Аталған сыйлықты тағайындаудағы мақсат ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған жеке бастамалар мен жобалаларды атап өту және осы арқылы халық мұрасының насихатталуын қолдау. Қазақтың ұлттық күнтізбесіндегі 9 сәуір – Мемлекеттік тіл күніне орай қазақ халқының мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын насихаттауға қосқан үлесі үшін келесі азаматтар Тәуелсіздік лентасымен марапатталды:

1. Ерлан Әшімов – Қарағанды қаласындағы көшенің Абай есімімен аталуына қосқан еңбегі үшін;
2. Бақтыбай Жүнісов, Жанат Жаңқашұлы – мемлекеттік тілде жарық көретін «Арқа ақшамы» газетін жарыққа шығарғандары үшін;
3. Нұрлан Ошанов – «Қазақ халқының мұрасы-Мәңгілік ел» кітаптар сериясы шеңберінде «Қазақтың жауынгерлік тарихы» атты кітапты шығарғаны үшін;
4. Дайыр Қыдырғалиұлы – Түркі жазуы күні мен Түркі халықтарының тулары, Айран күні шарасын ұйымдастырғаны үшін;
5. Евгений Левицкий, Сағынтай Аққожин, Талғат Жайменов – «Қазақ елінің 526 жылдық тарихы» атты аудиокітапты шығаруға қосқан үлесі үшін;
6. Мәди Махатов, Балғабай Нұрланов – Қарағанды облысында қазақы тазы тұқымдас иттердің жылсайынғы жарысын ұйымдастырғаны үшін;
7. Руслан Хасенов – «Қазақ халқының мұрасы-Мәңгілік ел» кітаптар сериясының кітаптарын шығаруға қосқан үлесі үшін;
8. Анзор Мимулатов, Дулат Аханов – «Қазақтың әндері», «Қазақтың күйлері» аудиокітаптарын шығаруға қосқан үлесі үшін;
9. Бекзат Абдуғұланов – «Ұлт ұлылары», «Қазақтың ұлттық ойындары», «Қазақтың салт-дәстүрлері» кітаптарын шығаруға қосқан үлесі үшін;
10. Болат Аймағамбетов, Александр Церекидзе, Бек Киікбай – «Қазақ елінің тарихы» тарихы атты деректі фильм жобасына қолдау білдіргені үшін;
11. Нұрлан Ахметкәрімов, Жалғас Қалмұратов – Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқытуға арналған бағдарламаны жарыққа шығаруға қосқан еңбектері үшін;
12. Жанат Көпеев – Қазақ тарихын насихаттауға арналған «Тарих тақтасы» жобасына қолдау білдіргені үшін;

Сондай-ақ «Қазақ күнтізбесі» жобасы шеңберінде ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған Мемлекеттік тіл күні, Қазақ тарихы күні, Аяулы қазақ қыздары күні, Ұлттық ойындар күні, Аяулы ата-аналар күні, Қазақ өнері күні, Қазақ әдебиеті күні, Туған жер күніне белсене қатысқаны үшін 100-ге жуық азаматқа алғыс хаттар табысталды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button