Жаңалық

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлтымыздың зияткерлік әлеуетін арттыру – шешімін табуы тиіс стратегиялық міндет

Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында ғылым саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады деп хабарлайды Ruh.kz порталы.

«Ғылым саласының қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Осы айтулы датаның аса көрнекті ғалым Қ.Сәтбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келуінің мәні зор. Перспективасы бар ғылыми зерттеулерді қолдау, ұлтымыздың зияткерлік әлеуетін арттыру – сөзсіз шешімін табуға тиісті стратегиялық міндет», – деп жазды Президент.

Еске салайық,  2012 жылдан бері 12 сәуірде Қазақстанда ғылым саласы қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Аталмыш мереке ҚР Тұңғыш Президентінің Жарлығымен бекітілген болатын.

Басқа материалдар

Back to top button