Жаңалық

«Қазақстанның 100 жаңа есімі». Дауыс беру кезеңі аяқталуда

Бүгін, 12 сәуірде «100 жаңа есім» жобасына қатысушы кандидаттар үшін дауыс беру мерзімі аяқталады. Ұнаған үміткерге бүгін 18.00-ге дейін https://100janaesim.ruh.kz сайтында дауыс бере аласыз.

Ол үшін 100janaesim.ruh.kz сайтындағы кандидаттың парақшасына өтіп, «дауыс беру» батырмасын басу және әлеуметтік желілер немесе e-mail арқылы авторизациядан өту керек.

Биыл жеті бағыт (қоғам, мәдениет және спорт, медицина, ғылым және инновация, бизнес, экология және білім) бойынша 2790 қазақстандық жобаға қатысуға өтінім берді.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығында жобаға бірқатар өзгерістер енгізілді. Енді кез келген адам жасына қарамастан өтініш бере алды, сонымен қатар жобаға экология бағыты қосылды және өткен жылдардың жеңімпаздары қазылар алқасының құрамына енді.

23 ақпаннан 21 наурызға дейін жобаға өтінімдер қабылданды. 25 наурыздан 12 сәуірге дейін жалпыхалықтық дауыс беру кезеңі өткізіледі. Дауыс беру мерзімі бүгін сағат 18.00-де аяқталады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі жобаларының бірі – «Қазақстанның 100 жаңа есімі» байқауы төртінші жыл өткізіліп келеді.

Жоба заманауи Қазақстанды бейнелейтін табысты адамдардың тарихын, оның түрлі қызмет салаларындағы табыстары мен жетістіктерін көрсетуге арналған.

Осы уақыт ішінде 163 қазақстандық жоба жеңімпаздары атанды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button