Жаңалық

Қарағанды облысында Жеңістің 76 жылдығына арналған акция өтуде

Жеңістің 76 жылдығына орай Қарағанды облысына қарасты Приозерск қаласының №2 жалпы білім беретін мектебінде «Естелік партасы» атты жастарға патриоттық тәрбие беру акциясы өтуде деп хабарлайды Ruh.kz порталы өңір әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Естелік партасы» акциясы Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр. Аталмыш акция арқылы оқушылар ІІ Дүниежүзілік соғыстағы ерліктерімен есте қалған қазақстандық жауынгерлердің өмір жолымен танысады.

«Парталарда ардагерлеріміздің ерліктері туралы ақпарат пен фотосуреттері бейнеленген. Олардың үшеуі біздің қаламыздан шыққан ардагерлер. Акция 20 мамырға дейін жалғасады», – деп мәлімдеді Приозерск қаласының білім бөлімінде.

Акцияның бірінші күні батыр-жауынгерлерді еске алуға арналған. Оқушыларға «Қазақ батыры генерал Сағадат Нұрмағамбетовтың өмір жолы мен қызметтік-жауынгерлік қызметі» тақырыбында ерлік сабағы өткізілді.

«Естелік партасы» Приозерск қаласында кездейсоқ ұйымдастырылып отырған жоқ. Өткен жылы «Сағадат» жастар командасы «Айбын» республикалық жаттығу жарыстарында бас жүлдені жеңіп алды. Енді кейіпкерлердің тарихи фотосуреттері мен өмірбаяндары әрдайым мектеп сыныптарының парталарын безендіреді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button