Жаңалық

«Қазақ сахнасының ірі тұлғасы» көрмесі өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде ҚазССР Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері Серке (Серәлі) Қожамқұловтың 125-жылдығына арналған «Қазақ сахнасының ірі тұлғасы» атты көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті. 

Көрме кәсіби ұлттық театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі Серке Қожамқұловтың бейнесін  жаңғырту, театр тарланының шығармашылық өмір жолын өскелең ұрпаққа насихаттауды мақсат етеді.

ҚазССР Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, кәсіби қазақ театрының негізін қалаушы Серке (Серәлі) Қожамқұлов 1896 жылы 5-мамырда дүниеге келген. Серке Қожамқұлов әлем әдебиеті мен қазақ классиктерінің шығармаларын сахнадағы жарқын бейнелерімен көрерменнің жүрегінен орын ала білді. Сыншылар Серкенің «кішкентай адамдардың» образдарын жасаудағы шеберлігін, оның күлкілі мазмұнын да, ішкі күйлерінің трагедиясын да жеткізу шеберлігін талай рет жазған еді.

1981 жылы Арқалық қазақ музыкалық драма театрына Серке Қожамқұловтың есімі берілді. 1988 жылы Торғай облысының жабылуына байланысты театр Қазақ КСР-ы Министрлер  Кеңесінің шешімі бойынша  Жезқазған қаласына қоныс аударды. Арқада дүниеге келіп, есейіп, ер жету кезеңі Жезқазған жерінде жалғасқан  драма театрына биыл 40 жыл толып отыр.

Айтулы датаға орай, Қарағанды облысы Мәдениет, архив және құжаттама басқармасы С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған Қазақ музыкалық драма театры ҚР Ұлттық музейімен бірлесе отырып, «Қазақ сахнасының ірі тұлғасы» көрмесін  өткізді.

Экспозициялар қатарында театр саңлағы С.Қожамқұловтың фото суреттері, қазір құнды жәдігерге айналған әртістің жеке бұйымдары көрсетілді.

Басқа материалдар

Back to top button