Жаңалық

Оқушылар картоп қабығынан биопластик өндірді

Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары картоп қабығынан биопластик өндіруді ұсынып отыр. 

Аталған білім ордасының оқушылары Хадиша Сагенова мен Нұрай Қоспаева күнделікті азық ретінде қолданылатын картоптың қабығынан биопластик өндіру жобасын әзірлеген.

Қос жасөспірім бұл жобаны карантин кезіндегі 9 айда үй жағдайында жүзеге асырған.

Жобада қолданылатын ингредиенттердің барлығы қауіпсіз. Оқушылар тәжірибенің негізгі компоненті ретінде картоптың қабығын, дәлірек айтсақ крахмалды алған.

«Биопластиктің құрамына әр үйден табылатын реагенттер мен өсімдіктердің қалдығы қолданылады. Біз бұл жобамыз арқылы қоршаған ортаны қалдықтан тазартып, ауа сапасын жақсартуға арналған БҰҰ-ның Тұрақты даму саласын қолдауды көздейміз», – дейді жоба авторлары Хадиша мен Нұрай.

Оқушылардың айтуынша, қазір биопластиктің құрамы жетілдіріле түспек.

Мақсат – шикізатты қайта өңдеу арқылы қоршаған ортаға келетін залалды азайту. Бұл үшін жаңа өнімге полипропилен мен полиэтилен қалдығын қосу көзделген.

Басқа материалдар

Back to top button