Жаңалық

Қазақстандық дипломаттар Сингапур ботаникалық бағында ағаш отырғызды

ботаникалық бағында ағаш отырғызды

Сингапурда Қазақстан дипломаттары Сингапур ботаникалық бағымен бірлесіп 30 ағаш талын отырғызды деп хабарлайды Ruh.kz порталы ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Шара Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орайластырылған.

Науқанға екі мемлекеттің ресми тұлғалары, соның ішінде Қазақстанның Елшісі Аркен Арыстанов, Сингапурдың резидент емес Елшісі Зулкифли Бахарудин, сондай-ақ академиялық және іскерлік топтардың өкілдері, студенттер мен Сингапурдағы қазақ диаспорасы қатысты.

Қазақстан Елшілігі Сингапур ботаникалық бағына осындай керемет жобаны жузеге асыруға мүмкіндіқ бергендері үшін, сондай-ақ бастаманы қолдаған барлық қатысушыларға үлкен ризашылық білдіреді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button