Жаңалық

Малайзияда Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шахмат турнирі өтті

Қазақстаның Малайзиядағы елшілігінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шахмат жарысының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті деп хабарлайды Ruh.kz порталы ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Жуырда онлайн-форматта өткен алғашқы шахмат турнирін Қазақстанның Малайзиядағы елшілігі және Селангор штатындағы Құрметті консулдығы бірге ұйымдастырды.

Турнирге Малайзиядан 200-ден астам шахматшылар, оның ішінде әуесқойлар мен халықаралық деңгейдегі кәсіпқойлар, сондай-ақ Малайзия шахмат федерациясының мүшелері және Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) спорт шеберлері қатысты.

Бірінші орынды Куала-Лумпур инженері, ФИДЕ спорт шебері Сумант Субраманиам, екінші орынды Селангор штатының тумасы, 11 жасар мектеп оқушысы Сен Ри Хернг иеленді. Үздік үштікті Малайзияның әкімшілік орталығы Путраджая қаласынан ФИДЕ нұсқаушысы және төрешісі Нұр Хафиз Мохд Нор түйіндеді. Жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен, Қазақстанға қатысты түрлі естеліктермен және кәдесыйлармен марапатталды.

Болашақта турнир дәстүрге айналып, жыл сайын өткізіледі деп көзделуде.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button