Зерттеу

NEET жастарының Қазақстандағы үлесі қандай

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жергілікті атқарушы органдар өкілдеріне NEET санатындағы жастармен жұмыс істеудегі жаңа тәсілдер туралы оқыту семинарын өткізуде. 

«NEET: сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты үш күндік оқыту семинары басталды. Іс-шараны Мемлекеттік жастар саясаты мектебі аясында ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитеті мен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы бірлесе ұйымдастырды.

Соңғы статистикалық ақпаратқа сәйкес NEET жастарының Қазақстандағы үлесі 6,9% құрайды. Жыл сайын жұмыссыз немесе жартылай жұмыспен қамтылған жастар көрсеткіштерінің саны артып келеді. Бұл – білімі бар, бірақ әртүрлі себеппен жұмысқа тұрмаған жастар. Осы мәселені зерделеуде жаңа тәсілдер енгізу қажеттігі үлкен маңызға ие.

Оқыту семинарына ЖРО басшылары мен мамандары қатысты. Олар NEET санатындағы жастарды есептеу әдістемесін жаңарту мәселелерін талқылады. Тренерлер әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелері туралы егжей-тегжейлі айтып, осы санаттағы жастармен жұмыс істеудегі шетелдік тәжірибені талқылады.

Қатысушыларға ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросының, ZhasProject Жастар корпусын дамыту жобасының Үйлестіру агенттігінің және «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының NEET санатындағы жастармен жұмыс істеу және есептеу саласындағы тәжірибелі сарапшылары дәріс оқыды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button