Жаңалық

Топ 5 интернет-дүкен

Қазіргі таңда интернет-дүкендер жоғары сұранысқа ие. 

30 жыл бұрын үйден шықпай сауда жасау туралы ойланып та көрмеген қоғам бүгінде интернет дүкендердің ұсынысын қуана қабылдап, игіліктеріне пайдаланып та жүр.

Назарларыңызға ел алғысына бөленіп үлгерген, креативті отандық интернет дүкендер топтамасын ұсынамыз:

Kitapal.kz

Бұл дүкенде қазақ тілінде жарық көрген барлық бестселлерлер, әдеби шығармалар, мотивациялыұ, психологиялық, балаларға арналған кітаптар бар.

Siz.kalagan.dombyra

Тапсырыс бойынша домбыра әзірлейтін интернет-дүкені. Тапсырыс беру кезінде өзіңізге керек аспаптың көлемі мен материалын, түсі мен стилін таңдай аласыз.

Ansa.kz

Иллюстратор-суретші бастаған ұлттық нақыштағы киімдер шығаратын интернет-дүкенін. Бұл жерден өзіңізге ұнайтын нақыштағы суреті бар жейделерге тапсырыс бере аласыз.

Ult_sapa

Бұл инстраграм дүкенінде ұлттық нақыштағы киімдер, Ұлы далаға тән символдар бейнеленген бұйымдар мен құрақтарды таба аласыз.

Zaf.kz

Сапалы табиғи былғарыдан жасалған бұйымдарға, ою-өрнекпен безендірілген белдіктерге осы дүкен арқылы тапсырыс бере аласыз.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button