Жаңалық

Ұлттық киімдер көрмесі ашылды

Г. Потантин атындағы Павлодар облысының тарихи-өлкетану музейі көпшілік назарына Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Халық өмірінің поэзиясы» атты ұлттық киімдер көрмесін ұсынады.

«Көрмеде  өңірдегі ұлттық мәдени орталықтарының материалдық және рухани мәдениетінен сыр  шертетін 200-ден астам зат қойылған.  Әрбір зат Павлодар облысында тұратын халықтың тыныс-тіршілігі мен болмысын көрсетеді. Сондай-ақ  қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге, достық пен келісімді нығайтуға, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеуге  бағытталған», – дейді  этнографиялық бөлімде.

Әртүрлі ұлт өкілдерінің ұлттық  киімдері мен қолөнер бұйымдарының ішінде қазақ халқының ұлттық нақыштағы ер адамдар мен ақ жаулықты әжелердің  киімдері де бар.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button