Жаңалық

Жаңа мәдениет үйінің қазығы қағылды

Абай ауданына қарасты Карл Маркс елді мекенінде жаңа мәдениет үйінің қазығы қағылды.

Ал бұл игі бастаманы қолға алған жергілікті жердегі Түрік-Әзірбайжан ұлтының белсенді азаматтары ғимарат құрылысын толықтай өз қаражаттары есебінен салмақ.

Мәдениет үйін «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп атап қысқа уақыт ішінде құрылысын аяқтауды жоспарлап отырған жергілікті тұрғындардың белсенді әрекетіне Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан шынайы алғысын білдірді.

Бүгінде Шымкент қаласында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан этностар арасында ешқандай келіспеушілік, алауыздық жоқ. Олар Қазақстанды ортақ отанымыз деп санайды. Сондықтан игі бастаманы жүзеге асырып жатқан Карл Маркс елді мекені тұрғындарымен кездесу барысында қала әкімінің бірінші орынбасары белсенділігімен көзге түсіп жүрген бірқатар жергілікті азаматтарға алғыс хаттар табыс етті.

Абай ауданында жеке инвестор есебінен жүзеге асырылып жатқан жобаның тағы бірі нақ осы Карл Маркс елді мекеніннің аумағы арқылы өткен Бадам өзенін абаттандыру жұмысы. Бұған дейін өзен жағалауындағы тұрмыстық қалдықтар мен күл қоқысқа толып жатқан бөлікті жуырда жеке кәсіпкер азамат өз қарауына алып, бүгінде қарқынды жұмысқа кіріскен. Кәсіпкер өзен жағалауынан спорт алаңшалары мен демалыс орнын салып айналасын жасыл желекке айналдыруды жоспарлап отыр.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button