Жаңалық

Құқықтық іс-әрекеттер алгоритмі түсіндірілді

Іс-шара қорытындысы бойынша 10-нан астам адам құқықтық көмек алды.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті заң қауымдастығымен бірлесіп И.Шухов атындағы қалалық кітапхана базасында «Парасат жолы» Орталығында әділет органдарының қызметі мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастырды.

Аталған іс-шараның мақсаты азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған заң қызметтерінің кең спектрін көрсету болып табылады.

Азаматтарға нотариаттық іс-әрекеттер жасау, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, сот актілерін орындау, мемлекеттік кепілдендірілген заң көмегін көрсету саласындағы, сондай-ақ басқа да құқықтық мәселелер бойынша қызықтыратын мәселелерді шешу кезіндегі іс-әрекеттер алгоритмі жеке тәртіппен түсіндірілді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button