Жаңалық

Республикалық олимпиада жеңімпаздары анықталды

Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен республикалық олимпиадаға Шымкент қаласынан 100 оқушы қатысып, 31 шәкірт жүлделі орындарға ие болған.

Пандемияға байланысты биылғы Олимпиада «Ustudy» орталықтарында «бір оқушы – бір компьютер – бір камера» қағидасы бойынша ұйымдастырылды.

Олимпиаданың тапсырмалары әр кезеңнің басында бір уақытта ұсынылды және сол тапсырмаларға әрбір қатысушыға жеке қол жеткізу коды берілді. Олимпиада аяқталғаннан кейін қатысушылардың сканерленген жұмыстары шифрланып, қазылар алқасының мүшелеріне тексеруге жіберілді.

Әрбір кезең аяқталғаннан кейін қатысушылар жұмыстарының сканерленген көшірмелері «Дарын» орталығының интернет-ресурсында олардың жеке деректерінсіз орналастырылды.

Биылғы оқу жылында республикалық олимпиаданың мектепшілік кезеңіне 1 миллионға жуық бала қатысқан. Соның ішінде соңғы мәреге еліміздің барлық өңірінен 1 жарым мыңнан астам шәкірт іріктеліп шығып, өзара бақ сынасты.

Олимпиада қорытындысы бойынша Шымкент қаласының шәкірттері үздің нәтиже көрсетіп, 2 алтын, 11 күміс, 18 қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, қаламыздың 6 мектебі еліміздегі ең үздік 100 мектептің қатарына енді.

Басқа материалдар

Back to top button