Жаңалық

Қарағанды облысында зейнеткерлерге арналған орталық ашылды

Балқаштағы М. Хамзин атындағы Мәдениет сарайында ерекше орталығы жұмыс істей бастады. Енді аға буын өкілдері бос уақыттарын құрдастары және пікірлестерімен бірге қызықты әрі пайдалы өткізе алады деп хабарлайды Ruh.kz порталы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Балқашта барлығы 11 мыңға жуық зейнеткер тұрады. Олар үшін арнайы орталықта мерекелерге арналған түрлі іс-шаралар өткізіліп, байқаулар мен спорттық жарыстар ұйымдастырылады. Бірақ мұның бәрі карантин жойылғаннан кейін болады.

Әзірге орталыққа дойбы, шахмат ойнауға, сондай-ақ сурет салу мен оқуға қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды. Сондай-ақ, мұнда келушілер қолөнермен де айналыса алады.

«Біздің есігіміз қаланың барлық зейнеткерлері үшін ашық. Біз бірге уақытты қызықты өткізіп, түрлі іс-шараларға белсенді қатысатын боламыз. Жобаны ардагерлер кеңесі дайындады. Бізге қаражат бөлінді, арманымыз жүзеге асты», – дейді Балқаш қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Тайтөлеу Жұманов.

Басқа материалдар

Back to top button