Жаңалық

ХХ ғасырдың басында Бродвейде хит болған «Turkestan» әнінің пластинкасы табылды

АҚШ Конгресс кітапханасының архивінен ХХ ғасырдың 20 жылдары Америкада хит болған Turkestan музыкалық туындысының пластинкасы табылды деп хабарлайды Ruh.kz порталы Елбасы Баспасөз қызметінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

«Сөзі – Бобби Джонс (Bobby Jones), музыкасы – Джек Стерн (Jack Stern). Орындайтын – American Quartet тобы.

Аталған әннің пластинкасы АҚШ Конгресс кітапханасының архивінен табылған. Бұған Түркістандағы Farab кітапханасының ғылыми-зерттеу еңбегінің нәтижесінде қол жетті. Түрлі мұрағаттық деректер бойынша, пластинка 1906 жылы немесе 1919 жылы жазылған болуы мүмкін.

Бұл ән 1919 жылы Бродвей хиті болды», – делінген таратылған ақпаратта.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button