Жаңалық

«Тәуелсіздік ұрпақтары» және «Профнавигация» жобалары басталды

Жастар саясаты саласындағы әлеуметтік маңызды гранттық жобаларды  Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен «Азаматтық және құқықтық бастамаларды дамыту» ҚҚ іске асырады деп хабарлайды Ruh.kz порталы ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасының негізгі мақсаты – Тәуелсіздік жылдарында, соның ішінде шетелде жетістікке жеткен жас қазақстандықтардың жетістіктерін насихаттау, сондай-ақ жастар саясатының өзекті мәселелерін шешу үшін талантты жастарды танымал ету. Осы жобаның жүзеге асырылуы барысында Қазақстан өңірлеріндегі мектеп, колледж және ЖОО студенттері арасында білікті сарапшыларды қатыстыра отырып, мотивациялық коучинг-курстарды ұйымдастыру және басқа да іс-шараларды өткізу көзделуде. Жоба аясында 10 мыңнан астам адам, ал ақпараттық тұрғыда 1 млн. астам адам қамтылмақ.

«Ал, «Профнавигация» жобасы бойынша мектептердің жоғары сынып оқушылары үшін кәсіптік бағдар беру, мансаптық траекторияны құру, оның ішінде онлайн-форматта мастер-кластар, экономиканың жетекші салаларының мамандарымен, Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары мен шетел университеттерінің түлектерімен кездесулер өткізу көзделуде. Сондай-ақ, білікті психологтарды тарта отырып, мамандық таңдау бойынша онлайн-режимде мектептердің жоғары сынып оқушыларының психологиялық диагностикасын және тестілеуін ұйымдастыру, өткізу жоспарлануда», – деді ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов.

Брифингке қатысқан BTS Education және «Қазақстанның жаңа кәсіптері мен құзыреттерінің атласы» жобасының жетекшісі Нұрбек Саясат «Профнавигация» жобасын іске асыру барысында 20 мыңнан астам жоғары сынып оқушылары «EduNavigator» кәсіптік бағдар беру платформасы базасында тестілеуден өтетіндігін мәлімдеді. Оның айтуынша, алдағы уақытта  болашақ мамандықтардың халықаралық трендтеріне шолу жасалып, орта мектептердің жоғары сынып оқушылары үшін мансаптық траектория құру алгоритмі дайындалады.

Айта кетейік, «Тәуелсіздік ұрпақтары» және «Профнавигация» жобаларын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранттық қаржыландыруын пайдалана отырып, ҚР АҚДМ тапсырысымен «Азаматтық және құқықтық бастамаларды дамыту» ҚҚ іске асырады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button