Жаңалық

III Халықаралық энергия үнемдеу форумы Нұр-Сұлтан қаласында өтеді

2021 жылдың 28 мамырында еліміздің астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында III Халықаралық энергия үнемдеу форумы онлайн форматта өтетіндігін Ruh.kz порталы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласының жетекші мамандары тәжірибе мен инновациялық шешімдер алмасу үшін бірыңғай диалог алаңына жиналады.

Аталмыш іс-шара ұйымдастырушылары халық арасында энергия үнемдеу мәселесін насихаттау мақсатында «Энергия үнемдеу балалар көзімен» атты үшінші республикалық балалар суреттер байқауының және мемлекеттік ұйымдар арасында «Үздік энергиятиімді бюджеттік мекеме» атағына үшінші конкурстың басталуын жариялады. Сонымен қатар, Энергия аудиторлар мен энергия менеджерлер арасында кәсіби маратап беріле отырып, конкурс өткізілетін болады.

Форум Қазақстандағы Дүниежүзілік Банктің қолдауымен «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ атынан Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бастамасы бойынша ұйымдастырылды. Байқауға қатысу үшін мамыр айының 6-мен 21-і аралығында өтінім беруге болады. Форум туралы толық ақпарат және қатысушыларды тіркеу http://www.eeq.kz/ сайтында орналасқан.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button