Жаңалық

«Болашақ» бағдарламасының ауқымы жаңа елдерге кеңейтілді

 

«Болашақ» білім беру бағдарламасының серіктес-елдер саны 4 елге көбейгені туралы Ruh.kz Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Олардың қатарына Австрия, Чехия, Ирландия және Оңтүстік Африка кірді. Сондай-ақ тізімге Гонконг (Қытай) қосылды.

Осылайша, енді қазақстандықтар «Болашақ» бағдарламасы бойынша 27 елде оқи алады.

Пандемияға қарамастан, Халықаралық бағдарламалар орталығы қазақстандықтар білім ала алатын шетелдік жоғары оқу орындарының санын ұлғайтты. Егер өткен жылы олардың саны 138 болса, 2021-2023 жылдары – 207 жоғары оқу орны қазақстандық азаматтарды оқуға қабылдауға дайын.

Бұл ретте, жоғары оқу орындарын іріктеу талаптары да күшейтіліп отыр. Мәселен, ЖОО үш халықаралық академиялық рейтингке кіруі тиіс.

Стипендияларды тағайындау жүйесіне де өзгерістер енгізіліп жатыр. Ол үш кезеңнен тұрады. Осылайша, маусым айында 90 стипендия, тамызда – 170 стипендия және қарашада – 125 стипендия бөлінеді. Бұл стипендияны осы кезеңге берілген өтінімдерге сәйкес біркелкі бөлуге мүмкіндік береді.

2021 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға 1055 стипендия бөлінді. Оның 555-і магистратура, резидентура, докторантура және тағылымдама бағдарламалары бойынша бөлінеді. Тағы 500 стипендияны отандық ғалымдар алады.

Басқа материалдар

Back to top button