Жаңалық

Көне түркі тілінде жасалған Құран аудармасының тұсаукесері өтті

Бүгін Түркістан қаласында «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» атты Халықаралық конференцияcы өтті.

Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өткен конференцияның ұйымдастырушылары Халықаралық Түркі академиясы мен Түркі кеңесі болды. Іс-шара аясында Халықаралық түркі академиясының бастамасымен тұңғыш рет аударылған көне түркі тіліндегі қасиетті Құран кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің атынан Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов қатысты. Ол өз сөзінде Елбасының бастамасымен, Мемлекет басшысының жан-жақты қолдауымен Түркістан түбегейлі өзгеріп, заманауи туристік мәдени-рухани және әкімшілік-іскерлік орталыққа айналғанын, сонымен бірге Түркістан мемлекетіміздің алтын бесігі және барлық түркі халықтары үшін қастерлі қара шаңырақ, қадірлі құтты мекен екенін атап өтті.

Сонымен қатар Е.Нүкежанов Қ.А. Яссауи атындағы университет елімізде «Дінтану» мамандығы бойынша дін саласында білікті үздік кадр-мамандарын даярлайтын, сұранысқа ие, жоғары білім беретін оқу орны екендігін атап өтті. Ол жаһандық оқытудың заманауи әдістерін қолдану, сондай-ақ болашақ кадрлардың риторикалық дағдылар мен шешендік өнерді зерттеу қажеттілігіне назар аударды.

Сөз соңында спикер мемлекет университет түлектері мен жұмыс берушілер арасында білім беру процесінде туындайтын ағымдағы мәселелерді бірлесіп зерттеу үшін, сондай-ақ оларды шешу үшін сындарлы диалог алаңын құру үшін ашық екенін атап өтті.

Сонымен қатар Халықаралық Түркі академиясының бастамасымен аударылған кітап жастардың діни сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы тұруға ықпал етеді.

Анықтама ретінде: Іс-шараға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Касейнов, Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары Кожаман Өмер, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ержан Мұқаш, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темирбекова, Түркияның Алматы қаласындағы Бас Консулы Акынжы Али Рыза, «Білге Түрік мәдениет қоры» басқармасының басшысы Туна Гүнгөр Азим, зиялы қауым өкілдері мен танымал ғалымдар қатысты.

Басқа материалдар

Back to top button