Жаңалық

Кәсіпкерлер құқығын кім қорғайды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасы аясында Ақмола облысы Әділет департаментімен Ақмола облысы Полиция және Экономикалық тергеу департартаменттері өкілдерінің сондай-ақ, аумақтық құқық иеленушілері және кәсіпкерлер мен авторлардың  қатысуымен зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша семинар форматында дөңгелек үстел өткізілді.

Сондай-ақ, іс-шарада  Ақмола облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен «Ақмола облысының рестораторлары мен қонақ үйлері» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, Brandsecuritygroup HP компаниясының Қазақстандағы ресми өкілі, «Ақай Өркен» (аяқ киім тігу) ЖК, «Бижан» ЖШС (ет өнімдерін өндіру), «Welldis  Maccoffee» ЖШС (суда еритін кофе), «Гормолзавод» ЖШС (сүт өнімдері), GlobalSalesGroup «Дала фрут» ЖШС (табиғи шырындарды өндіру) қатысты.

Семинар шеңберінде бағдарламалық қамтамасыз етуге, тауар таңбаларына, қызмет көрсету таңбаларына және тауар шығарылған жерлердің атауларына құқықтарды сақтау, авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалану мәселелері қаралды. Департамент қызметкерлері зияткерлік меншік құқығын қорғау саласында атқарылған жұмыстар туралы, сондай-ақ шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий енгізілгеннен кейінгі жұмыс жағдайы туралы ақпарат берді.

Өз кезегінде семинарға қатысушылар өз өнімдерін қолдан жасау бойынша орын алып отырған мәселеге байланысты алаңдаушылық білдірді. Семинар барысында оларға өз өнімдерін  ұсынуға мүмкіндік берді, сондай-ақ түпнұсқа өнімді контрафактіден қалай ажыратуға болатындығы түсіндірілді.

Сонымен қатар, ZOOM қосымшасы арқылы Қазақстандағы НР компаниясының өкілі кейбір кәсіпкерлердің бағдарламалық қамтамасыз ету құқықтарының сақталмағаны туралы хабардар етті.

Құқық қорғау органдарының өкілдері елімізде контрафактілік өнімдерді пайдаланғаны және сатқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы туралы хабардар етті.

Семинар қорытындысы бойынша Әділет департаменті «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына бірлескен күш-жігермен отандық тауарларды жылжыту бағдарламасын әзірлеуді, сондай-ақ интернет  ресурстар арқылы халықты хабардар ету үшін контрафактілік өнімді көрсетуді ұсынды.

«Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» ДЭФ ЖБҚИ индикаторының көрсеткіштерін жақсарту, сондай-ақ контрафактілік өнімдермен күресу мақсатында Әділет департаменті бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет ресурстарда зияткерлік меншікті қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмысы күшейтіледі.

ҚР ӘМ Ақмола облысының Әділет департаментінің

Зияткерлік меншік құқығы бөлімі

Басқа материалдар

Back to top button