Жаңалық

Азаматтарға құқықтық консультациялар берілді

Қоғамда «Еуропаның мына еліндегі жағдай тамаша екен» деген салыстыру формуласы қалыптасқан.

Жеке тұлғалар шетелдегі өмірдің жайлы тұстарына қызығады. Мемлекетті осындай жекелеген тұлғалар құрайтынын ескерсек, біздің сауаттылығымыз бен патриоттығымыз – мемлекет дамуының негізі деген қорытынды шығаруға болады.

Отандастарымыз арасында өз құқығын білмегендіктен жатқа жем болған, заңды білмей, «әттеген-айлаған» кездер аз болмаған. Осы олқылықтың орнын толтырмаққа, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, кіші және орта бизнес өкілдеріне құқықтық консультация беру, жеке тұлғалардың көкейіндегі кей сауалдарға жауап беру мақсатында «Құқықтық сана – қауымға пана» арнайы жобасы қолға алынған.

Қызылорда облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен халықтың құқықтық сауаттылығын артыру және азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету негізінде «Ашық есік» күні өткізілді.

Жеке қабылдауға келген азаматтардың нормативтік құқықтық актілерді тіркеу саласы, заңды тұлғаларды тіркеу бағыты, азаматтық хәл актілерін тіркеуді және апостильдеуді қамтамасыз ету, жылжымайтын мүліктерді тіркеу мәселелері, зияткерлік меншік құқықтарын тіркеу, сот актілерін орындау саласы, алимент, адвокатура, нотариат, заң кеңесшілері палаталарына қатысты туындаған сұрақтарына жан-жақты жауап берілді.

Сондай-ақ Қызылорда облысы Әділет департаментінің 3 ауданы бойынша өткізілген «Ашық-есік» күні 20 шақты азаматты қамтып, аймақтық ақпарат құралдарынан көрсетілді.

Басқа материалдар

Back to top button