Жаңалық

Дайджест: «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңселерінің апталық іс-шаралары

7 маусым

Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында өскелең ұрпақтың еңбекке деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Менің мамандығым» челлендждік іс-шарасы өтеді.

Байланыс үшін:

Макимова  Сандуғаш – 87024523046

Жастар арасында қазіргі айтысты насихаттау мақсатында айтыскер-ақын Әсем Ережеқызымен онлайн кездесу өтеді. «Айтыс өнерінің қазіргі қарқыны» тақырыбында өтетін сұхбат барысында көрермендер айтыскерге өз сауалдарын тікелей жолдай алады.

Байланыс үшін:

Анар Серғазинова (ШҚО Ішкі саясат басқармасының «Рухани жаңғыру» өңірлік орталығы» Ақпараттық-талдамалық бөлімінің жетекшісі) +7 777 981 2497, 8-7232 25 04 65

Экология тақырыбы бүгінде бүкіл әлемді алаңдататыны анық. Баланы табиғатты қорғауға баулу талбесіктен, мектеп жасынан басталады. Осы орайда Шымкентте 5-6 сынып оқушыларына арналған «Экология – бүкіл әлем тағдыры» іс-шарасы өтеді. Мұнда спикерлер Қазақстанның әсем табиғаты мен қоршаған ортаны қорғау жайлы әңгімелеп, пікірлерін білдіреді. Табиғатқа арналған өлеңдер оқып, «Саржайлау», «Атамекен» әнін хормен орындайды.

Байланыс үшін:

Зәуре Оралбаева (Өңірлік жобалық кеңсесінің жетекшісі) +7 701 734 66 59

9 маусым

Өскеменде «Айналайын» ән-би студиясының ұйымдастыруымен «Музыкалық әлем балалар көзімен» қалалық фестивалі өтеді. Жас дарындардың эстетикалық тәрбиесіне қатысты мәселелерге қала қауымының назарын аударуды көздейтін мерекелік шарада жасөспірімдер арасында фольклорлық жанр тағылымы насихатталады.

Байланыс үшін:

Анар Серғазинова (ШҚО Ішкі саясат басқармасының «Рухани жаңғыру» өңірлік орталығы» Ақпараттық-талдамалық бөлімінің жетекшісі) +7 777 981 2497, 8-7232 25 04 65

Солтүстік Қазақстан облысының 85 жылдығы қарсаңында Петропавлда «Кітапхана және біздің өлке» іс-шарасы өтеді. Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өтетін бұл шарада көрерменге аймақтың тынысы виртуалды түрде ұсынылады.

Байланыс үшін:

Хованская Виктория Игоревна – 8 (715)2 46-08-92

Шымкентте айтыскер-ақын Маржан Есжанованың 50 жас мерейтойына орай ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған кеш өтеді. «Тәтті өлеңін тарту етер алашқа» деген атпен өтетін кеш барысында Маржан Есжанова көрерменге өзінің көпшілік жақсы білетін өлеңдерін қайта оқып, жаңа туындыларымен таныстырады.

Байланыс үшін:

Зәуре Оралбаева (Өңірлік жобалық кеңсесінің жетекшісі) +7 701 734 66 59

10 маусым

Оралда облыстық Білім басқармасының ұйымдастыруымен жергілікті студенттер арасында «WorldSkills Kazakhstan ORAL» чемпионатының аймақтық кезеңі өтеді. Турнир қорытындысы бойынша «WorldSkills Kazakhstan» республикалық турниріне қатысатын Батыс Қазақстан облысының командасы жасақталады.

Байланыс үшін

Мирас Сапаргалиев (Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының бөлім басшысы – 8 705 274 13 99

Павлодарда «Қазақ халқының өшпес мұрасы – домбыра» тақырыбымен жастардың жергілікті ақындармен шығармашылық кездесуі өтеді. «Бір шаңырақ» жобасы аясында ұйымдастырылатын іс-шараға Павлодар облысының домбырашысы, қазақ халық аспаптарының шебері Баязит Қуандық, дарынды балаларға арналған музыкалық коледжінің түлегі, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазыАлексей Лодочников қатысады.

Байланыс үшін:

Нұрия Кубенова (Өңірлік жобалық кеңсе жетекшісі) –  8 705 268 2878

13 маусым

Оралда танымал композитор Қапан Мусиннің 100 жылдығына арналған «Өнерімен  өрнектелген  өмір» атты көрме өтеді. Іс-шара барысында композитордың беймәлім туындылары көпшілікке ұсынылады.

Байланыс үшін:

Казиева Айгүл – 87112511952

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button