Зерттеу

Елордада NEET санатындағы жастармен жұмыс істеу бойынша семинар өтіп жатыр

NEET санатындағы жастар – не жұмыс істемейтін, не оқымайтын, не біліктілігін арттырмайтын, не өзге де істермен айналыспайтын топ.

Олар білім беру жүйесі мен жұмыспен қамту сферасынан тыс қалған,  дегенмен бұл жастардың еңбек нарығындағы әлеуеті зор. ЭЫДҰ елдерінде 18-24 жас аралығындағы NEET жастардың үлесі орта есеппен 14% құрайды. 2021 жылдың бірінші тоқсанында NEET-жастардың республикадағы үлесі 6,8% құрады. Елордада 2021 жылдың бірінші тоқсанында NEET жастарының үлесі 7,0% құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңінен жоғары (2020 жылдың 1-тоқсаны – 6,9%).

Әлемдегі күрделі экономикалық жағдайды ескере отырып, әртүрлі экономикалық, әлеуметтік және саяси шара арқылы NEET санатындағы жастар үлесінің өсуіне жол бермеу қажет.

15-17 маусым аралығында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы қолдауымен жастармен, оның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс істейтін мамандарға арналған оқыту семинарын өткізуде. Семинар шеңберінде осы санаттағы жастарды есептеу және анықтау әдістерін енгізу, сондай-ақ халықаралық және отандық жұмыс тәжірибелерін зерделеу жоспарлануда. Ұлттық статистика бюросының, Жастар корпусын дамыту жобасының үйлестіруші агенттігінің және «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының сарапшылары спикер болды. Нәтижелер бойынша осы топтың жастарына ұсынылатын қызметтер пакеті жасалады.

Басқа материалдар

Back to top button