Жаңалық

Alatau Creative Hub жаңа ұлттық киім топтамасын таныстырды

Іс-шараға еліміздің жетекші дизайнерлері Аида Кауменова, Жанат Бақыт, Тәрбия Айдымбаева қатысып жас сәнгерлерге шеберлік сағатын өткізді.

Қазақтың ұлттық киімдері адамның жас ерекшелігіне, лауазымына және отбасылық жағдайына қарай түрленеді. Ал, киімге тігілген әр өрнек-нақыштың астарында үлкен мағына жатыр. Қазір отандық шеберлер ұлттық киімдерді заманауи стильде тігуді қолға алған.  Дизайнерлердің айтуынша, қазақы нақыштағы бешпенттер мен камзолдар қыз-келіншектер арасында сұранысқа ие.

Іс-шарада еліміздің жетекші этнодизайнерлері мен тарихшылар жас буынға баяндама жасап, бағыт-бағдар көрсетті. Онда ұлтымызды шетелге таныстыратын сувенир дайындау, қазақы нақыштағы зергерлік бұйымдар жасау технологиясы және ұлттық киімдерді күнделікті өмірге бейімдеу тақырыптары сөз болды.

Ұлттық өнер саласы бойынша өз кәсібін бастаймын деген азаматтарға мемлекеттен барынша қолдау көрсетіледі. Отандық өнім шығаруға ниеттілер «Бизнес бастау»  және «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламалары бойынша жоба қорғап, бір реттік қайтарымсыз грант ұтып ала алады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button