Жаңалық

Елорда күні құтты болсын

Азияның ең суық астанасына 23 жыл толды.

Құрметті елордалықтар, қазақстандықтар!

Сіздерді қала күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Елордамыздың еңсесі биік, аспаны ашық болғай!

Қазақстан Тәуелсіздік алғалы бері елордамызда қаншама маңызды шаралар өтіп, қаншама тарихи қадам жасалды. Арқа төсінде орын тепкен, сәні мен салтанаты келіскен бас қаламыз талайдың арманына арқау, ісіне шабыт берді.

Әлемнің алпауыт елдерінің астаналарымен иық тірескен елордамыздың көркейе түсуіне тілектеспіз! Қала тұрғындарының деніне саулық, отбасына амандық, шаңырағына шаттық тілейміз!

Қала күні мерекесімен қатар Елбасы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туған күні де біз үшін айтулы күннің біріне айналып үлгерді.

Астанамыздың бой көтеруі жолында, Тәуелсіз Қазақстанның аяққа тұрып, бәсекеге қабілеттілігін арттыруы жолында Елбасының еткен еңбегі зор. Және ол тарихта өзінің лайық бағасын алмақ!

Нұрсұлтан Әбішұлына зор денсаулық тілейміз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Ізгі ниетпен Ruh.kz ұжымы

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button