Жаңалық

Кәсіпкерліктің басты 4 ережесі

Agile сөзі «жылдам» деп аударылады, бірақ көбінесе «икемді» деген мағынады қолданылады.

Бизнесте бұл сөз шешім қабылдауда икемді болу, өзгермелі жағдайларды талдау және оларға тез жауап беру қабілетін білдіреді. Бұл қазіргі заманғы жоғары бәсекелестіктің маңызды сапасы, мұның болмауы көшбасшылық ұстанымдарды жоғалтуға әкеп соқтырады.

Бүгінгі таңда бүкіл әлемде жеткізу қызметін жақсартуға, жылдамдықты арттыруға, тұтынушы мен қызметкерлердің тәжірибесін жетілдіруге ұмтылатын ұйымдардың саны артып келеді. Шынында да, COVID-19 кезінде көптеген ұйымдар икемділікті шынықтыруды тездетті. Cоңғы зерттеулер икемді ұйымдар дағдарысқа тез дағдыланатынын көрсетті, ал шапшаңдыққа бейімделмеген ұйымдар пандемиядан кейін «жаңа қалыпты жағдайда» қажет жылдамдық пен тұрақтылығын жоғалтты.

Кәсіпорын деңгейіндегі шапшаңдық – стратегияны, құрылымды, процестерді, адамдарды және технологияны тұрақты жұмыс істейтін, өнімділігі жоғары командалар негізінде ұйымды қайта құру арқылы жаңа жұмыс моделіне қарай жылжытуды білдіреді. Көптеген ұйымдар трансформацияны бастаған кезде кландарға, отрядтарға, бөлімдерге,  ептілік процестеріне және DevOps-қа аса мән беріп, талқыға салады. Әрине, бұл мақсатта адами өлшем көп қиындық туындатары белгілі. Шындығында мәдениетті өзгерту қиындықтары басқа бес негізгі проблеманың орташа көрсеткішінен екі есе жоғары.

Мәдениетті ауыстыру ерекше күш салуды қажет етеді. Өкінішке орай, көптеген ұйымдар өздерінің көздеген икемді мәдениетін дұрыс тұжырымдамай, іске асыруда қиындықтарға тап болады.

Бірінші сабақ: Қайдан, қайда екенін анықтау

Әр  ұйым бірегей. Сондықтан, әр ұйым өзінің жаңа икемді операциялық моделін қамтамасыз ету үшін ерекше мәдениет қажет, ал икемді мәдениетті құру үшін ұйымдар өз көзқарастарын көзделген мақсаттарға негіздеуі керек. Сондай-ақ бизнес нәтижелеріне қол жеткізу үшін олар өздерінің қазіргі мәдениетін, соның ішінде мінез-құлықтықтағы кемшіліктерін, қалыптасып қалған ойдың үш-бесеуін анықтап, бастапқы нүкте ретінде қолдануы қажет.

Мысалы: Жаңа Зеландиядағы телекоммуникация және сандық қызмет көрсететін Spark компаниясының басшылар тобы икемді трансформацияның бірінші қадамдарын «қайдан, қайда» концепциясын қалыптастырудан бастады. Компания батыл түрде 2017 жылы бүкіл ұйым бойынша икемді трансформация жасауға шешім қабылдап, бір жылдан аз уақыт ішінде бүкіл ұйымды икемді-операциялық модельге көшірді.

Екінші сабақ: Жекелету

Бұл сабақ қызметкерлер үшін жеке өзгерістерді маңызды етуге арналған. Ол үшін басшылар өз қызметкерлеріне икемді ойлаудың не екенін анықтау үшін жеке кеңістік беріп, қолдау көрсетулері керек. Бұл аға менеджерлер, орта менеджелер және алдыңғы қатарлы қызметкерлер арасында әртүрлі болады және олардың әрқайсысына әртүрлі әсер етеді. Әріптестердің жеке тәжірибелерімен және проблемаларымен бөлісуге шақыру – трансформациялық серпін беріп, трансформациялық энергияны босатады.

Бұл тәсілді 100-ден астам елде 94000 қызметкері бар 122 жылдық Roche биотехнологиялық компаниясы қабылдады. Икемді мәдениетті қалыптастыру үшін Roche аға басшылар арасында жеке өзгерістердің терең процесіне ықпал етті. Осы көшбасшылардың 1000-нан астамы төрт күндік иммерсивті бағдарлама аясында көшбасшылыққа жаңа, икемді тәсілді үйренуге шақырылды, бұл оларды икемді ұйымды басқаруға қажетті ойлау мүмкіндіктермен таныстырды.

Бағдарлама барысында басшылар өздерінің жеке көзқарастары, ойлары мен сезімдері дизайн архитектурасында және олар басқарған ұйымдардың мәдениетінде қалай көрінетінін білуге келді. Бұл тану жеке трансформациядан басталатын өзгеріс бағдарламаларының неліктен сәтті болатындығын көрсетеді.

Үшінші сабақ: Мәдениетті сәулет өнеріндей құрастыру

Тіпті, ең жақсы дамыған мәдени бағдарламалар қоршаған ортада, қолдау таппаса, сәтсіздікке ұшырауы мүмкін. Ал жаңа мәдениетті ұстанып тұру үшін құрылымды, процесті және технологияны күтілетін мінез-құлыққа сай етіп құрастыру қажет. Өзгерістер сәтті болуы үшін көзделген мәдениет ұйымның барлық қарапайым элементтеріне, сондай ақ трансформацияға енгізілуі қажет.

Венгриялық Magyar Telekom (Deutsche Telekom еншілес компаниясы) 2018 жылы басталған икемді трансформация кезінде ойлау мен мінез-құлықтың икемді модельдерін енгізуге қаражат бөлді. Spark және Roche сияқты, Magyar Telekom өзінің «қайдан, қайда» анықтау сабағын бастады.

Төртінші сабақ: Мониторинг жасау және үйрену

Үздіксіз оқу және әрдайым жетілдіру жұмыстарын жүргізу – икемді жұмыстың негізгі қағидасы. Бұл икемді мәдениетке де қатысты. Сәтті трансформация мониторинг жүргізудің, мінез-құлық өзгерістерін бағалаудың құндылығын ғана емес, жетістіктері мен сәтсіздіктерінен сабақ алудың оң әсерін көрсетті. Алайда мінез-құлықтың өзгеруін өлшеу дәстүрлі түрде қиын болды.

Банк саласындағы икемді қайта құрудың танымал көшбасшысы ING икемді трансформацияда инновациялар енгізіп және өнімділіктің бірнеше аспектілеріне, нарыққа шығу уақыты мен көлеміне, сондай-ақ қызметкерлердің қатысуына әсерін бақылау үшін көптеген тәсілдерді қолданды. Осы бақылау бастамалары аясында ING мәдени өзгерістердің барысын және олардың жалпы трансформацияға әсерін қадағалады. Банк тіпті күш-жігер мен нәтижелерді бақылау сапасын зерттеу және жақсарту үшін экономика профессоры INSEAD-тің Мария Гвадалупамен бірікті.

ING-дің алғашқы бақылау бастамасы 1000 респонденттің қатысуымен 40 сұрақтан тұратын сауалнама құрастырып, оны 2015 жылдан 2017 жылға дейін бес рет өткізілді. Сауалнама сұрақтары, оның ішінде мәдениетке қатысты сұрақтар банк мақсаттарымен, негізгі нәтижелерімен байланысты болды. Трансформацияның факторлары мен оның тиімділік көрсеткіштері арасындағы бұл байланыс ING-ге қандай мәдени факторлардың нәтиже бергенін және трансформацияның сәттілігі үшін маңызды екенін көруге мүмкіндік берді.

Мәдениет барлық ұйымдастырушылық өзгерістерде және икемді трансформация кезінде маңызды. Ұйымдар құрылымын, процестері мен технологияларын өзгерту арқылы икемділікке қол жеткізе алады. Бірақ олар адамдардың күнделікті қалай жұмыс істейтінін және өзара әрекеттесуін өзгертпестен икемді бола алмайды. Табысты, икемді трансформацияны қамтамасыз ету мәдениеттің түбегейлі өзгеруін талап етеді. Осы өзгерісті сәтті жүзеге асырған ұйымдардан алынған сабақтар басқаларға өздерінің икемді құрылуында артықшылық бере алады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button