Жаңалық

Ауыл әкіміне кімдер үміткер (бейнематериал)

«Ауыл» демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рахимбековпен онлайн-кездесу.

Барлығы 730 елді мекеннің әкімі жергілікті тұрғындардың тікелей дауыс беруі арқылы анықталмақ.

Осы орайда Ұлытау ауданының ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Рахмания Айболат Раманияұлы, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ш. Ералиев ауылдық округінің әкіміне үміткерМалдыбай Серікұлы, Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Самат Жағабаевтардың қатысуымен онлайн конференция ұйымдастырылып, сайлаудың маңызы мен мазмұны сөз етілді.

Қатысушылар тарапынан оң баға алған бұл сайлау нақты қадамдар мен ізгі істерге сеп болмақ.

Бүгінгі сайлау 14 облыс бойынша 1847 сайлау учаскесінде өтеді. 25 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау туралы Конституциялық заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді көздейтін құжатқа қол қойған болатын. Сайлау өткізілгеннен кейін үш күн ішінде күннің қорытындысы шығарылуы тиіс. Жеті күн ішінде сайланған әкімді тіркеу жүзеге асырылады. Бұл ретте сайланған әкімнің өкілеттігі оны тиісті аумақтық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталады. Жалпы биыл жыл аяғына дейін 775 ауыл әкімі сайланады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button