Жаңалық

Павлодарлық музейде «Өнер» залы ашылды

Павлодар облысының Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейінде тұрақты түрде жұмыс істейтін «Өнер» залының  экспозициясының ашылуы өтті.

Музей – тарих таңбасы, елдігімізді танытатын рухани орда. Музей – ғасырлар мәдениеті мен өнері, білімі мен ұлылар есімдерінің тоғысқан салтанатты мекені.

Ұлттың мақтанышы болған қазақ өнерінің жарқын өкілдерінің шығармашылығымен және музей қорында сақталған бірегей экспонаттары бойынша 18 адамның жеке экпозициялары қойылды.

Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейінің басшысы Ербол Мәтіұлының айтуынша:

Өнер залында, даласы дастан, таулары тарих Ертіс-Баян өңіріндегі айбыны асқақ өнер майталмандары: Жаяу Мұса Байжанов, Естай Беркімбаев, Құдайберген Әлсейітов, Тоқбай Жұмағұлов, Жабай Тоғандықов, Майра Шамсутдинова, Қамар Қасымов, Шахан Мусин, Шакен Айманов, Кәукен Кенжетаев, Садық Кәрімбаев, Фаина Миронова, Иван Чистяков, Қуат Әбусейітов,   Суат Әбусейітов, Байтен Омаров, Айтжан Бәделханов, Жанас Ысқақовтардың өмірі мен шығармашылықтары  туралы экспозициялар қойылды.

Аталмыш тұлғалардың шығармашылығымен өмір сүрген дәуірі туралы белгілі бір ақпаратты қамтитын түпнұсқа заттары (қолжазбалар, музыкалық аспаптар, жеке заттар, құжаттар, фотоматериалдар) экспозицияның негізін құрайды. Олардың есімдері қазақ тарихында алтын әріптермен жазылған.

Сонымен қатар, Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сәуле Қадұлжапарқызы және  ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, әнші-сазгер ақын Жаяу Мұсаның жиеншары Арман Бақтанұлы Қани ашылу салтанатының құрметті қонақтары болып, музейдің жұмысына сәттілік тіледі.

Өнер залы бойынша экскурссиялық шолу жүргізіліп, кеште бірқатар республикалық байқаулардың жеңімпазы Дәуренбек Сләмғалидың орындауында Естай мен Жаяу Мұсаның әндері шырқалды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button