Жаңалық

Токио Олимпиадасы: Спорт сарапшылары не дейді?

23 шілде басталған XXXII Жазғы Олимпиада ойындары Жапонияда өтіп жатыр.

33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынған додада Қазақстан әзірге жеті қола жүлдені місе тұтып, жарыс кестесінде 75-ші орында келеді. Біз спорт сарапшыларынан Қазақстан спортының бүгінгі жағдайы, спортшылардың дайындығы турасында сұрап көрдік.

Иә, үміт еткен Баландин финалға жете алмады. Бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов алғашқы кездесуінде-ақ сүрінді. Ал дзюдошы Ислам Бозбаев екінші кезеңде олимпиада қош айтысты. Надежда Рябец пен Серік Теміржановтарда да осы көрсеткіш. Олимпиада кестесінде соңғы орынға жайғасқан Қазақстан спортының жағдайы турасында сарапшылары түрлі пікір айтады. Бірі спорт саласына бөлінетін қаржы теңсіздігіне қатыстырса, келесі бір жүйелі әзірліктің жоқтығын айтып отыр.

«Дайындыққа деген материалдық жабдық жағынан барлығын жасадық. Федерация тарапынан, ұлттық Олимпия комитеті және Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан барлығы жасалды. Өкінішке қарай, пандемия кедергісі тиіп жатыр. Себебі спортшыларымыз үй қамақта отырды. Жабық базаларда дайындалды. Шет елге шыққанда да 4-5 күн карантинде отырып қалды. Мұның сөзсіз кері әсері болады», – дейді Қазақстан Бокс федерациясының атқарушы директоры Мықтыбек Маратбек.

«Қазір спорт саласын қаржыландыру жүйесі өзгерген. Осы тұста көптеген қателіктерге жол берілді. Сондай-ақ, көптеген спорт түрлерінен кадр, маман тапшылығы байқалады. Өйткені Кеңес Одағы тұсында жұмыс істеген азаматтардың көбі зейнет жасында. Олардың ізін басатын мамандар жоқтың қасы. Әсіресе бапкерлердің айлықтары, балалар спортын жаттықтырып жүрген мамандардың жалақылары төмен. Байқасаңыздар Олимпиадада ең көп медаль беретін спорт түрі – жеңіл атлетика, суға жүзу. Ал бұл салаға бізде жеткілікті көңіл бөлінбейді. Мысалы, бізден спортшылар саны өте аз Кения мен Ямайканың медаль саны көп. Өйткені спортшылары бір ғана жеңіл атлетикамен бес-алты алтын алып жатыр», – дейді белгілі спорт сарапшысы Бек Төлеу.

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының бесінші қола жүлдегері атанды. Өкінішке қарай, қазақстандық боксшылар еншісінде алғаш рет Олимпиада алтыны жоқ.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button