Жаңалық

Қарызсыз қазақ. Ең көп сатылған 5 кітап

Бүгін Дүниежүзілік кітап сүйерлер күні.

Кітап дүкендері мен кітапханалардан бөлек, кітап сататын интернет дүкендер де бар. Және соңғы жылдары бұл дүкендердің қарасы көбейіп, қызмет сапасы жоғарылай түскен. Бұл кітап сүйер қауымның бар екенін, «жастар кітап оқымайды» деген сөздің жалғандығын дәлелдейді.

Назарларыңызға сұранысқа ие болып тұрған қазақ тіліндегі іскерлік әдебиет бестігін ұсынамыз:

Salam, Instagram. Авторы: Ернар Батралиев

Сіз білмейтін Инстаграмның құпиялары жазылған кітап!

Тайм-менеджмент. Авторы: Шынар Әділова

Кітапта адам баласының теңдесіз қазынасы – уақыт жайлы сөз қозғалады. Заманауи тайм-менеджмент ережелерін оқырман назарына ұсынады. Сондай-ақ түрлі тұлғалардың уақытты жүйелеу әдістерімен таныстырылады.

Жылдам оқы. 5 есе тез әрі түсініп оқу тәсілдері. Авторы: Мирас Кесебаев

Бұл кітапта автор жылдам оқудың тәсілдерімен бөліседі. Әр тәсілді меңгеруге жаттығулар берілген. Оқыған кітапты есте сақтаудың түрлі әдістерін көрсетеді. Оқырман оқуы тиіс кітаптар тізімі берілген.

Қарызсыз қазақ. Авторы: Бақытжан Бұқарбай

Қарызсыз өмір сүрудің және 100 миллион теңге қарыздан құтылудың құпиясы жайлы сөз қозғайды.

Сөз менеджменті. Авторы: Жандарбек Бұлғақ

«Сөз менеджменті» кітабы – жаңа заманның сұранысына сай жарық көрген туынды. Халықтың психологиясын, ұлттық болмысын ескере отырып жазылған кітапта сөйлеу шеберлігін арттыратын бірнеше тәсіл көрсетілген. Әртүрлі мамандық өкілдері кітапта көрсетілген тәсілдерді қолдану арқылы ойын орнықты, сөзін көркем жеткізе алатын деңгейге қадам жасайды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button