Жаңалық

2035 жылы балалар қандай болады

ҚҚДИ Қазақстанда 2035 жылға дейінгі балалардың дамуы бойынша форсайт-зерттеу жүргізеді.

«Рухани Жағыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты алаңында Rapid Foresight методологиясы негізінде Қазақстанда 2035 жылға дейінгі балалық шақ дамуының болжамы мен сценарийін қалыптастыру бойынша форсайт-зерттеу басталды. Сессияс қатысушылары үшін аталған технологиямен танысу мақсатында семинар-тренингтер сериясы өткізілді.

«Балалық шақ» форсайт-зерттеулері «Кемел болашақ» орталығының қызметін құру және қолдау» жобасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Бұл зерттеу қоғамдық сананы жаңғырту бағыттарын ескере отырып, Қазақстанда бала дамуының стратегиясын құруға көмектеседі деп жоспарлануда.

Институт алаңында форсайт-зерттеулер құрамына кіретін оқу семинарлары аяқталды. Семинарларды Rapid Foresight методологиясы бойынша модератор, «Жаңа кәсіптер атласы» жобасы жетекшісінің орынбасары Евгений Виноградов жүргізді.

Шараға 40-қа жуық сарапшы, ҮЕҰ, мемлекеттік органдардың өкілдері және ҚҚДИ қызметкерлері қатысты. Қатысушылар өздері үшін форсайт ұғымын, оның маңызы мен негізгі кезеңдерін анықтады.

Форсайт-зерттеулері үшін қолданылатын Rapid Foresight технологиясы – зерттелетін ортада болып жатқан өзгерістерді сипаттауға, болашақтың бейнесін және оған жету үшін қажетті өзгерістердің жобаларын келісуге мүмкіндік беретін топтық пікірталастар жиынтығы.

«Болашақтың бейнесін көру үшін сарапшылар тобы қазіргі жағдайды қарастырады, оның дамуын болжайды, қатерлер мен мүмкіндіктерді талқылайды және қатерлерді тоқтату мен мүмкіндіктерді пайдалану үшін қажет түрлі қолдау шараларын ұсынады. Осыдан кейін сарапшылар даму жобаларын жасайды, яғни ықтимал нұсқалардан оңтайлы болашаққа жету үшін бүгін не істеу керектігін айтады», – дейді Евгений Виноградов.

Ал алдағы қыркүйек айында ҚҚДИ алаңында бірқатар мамандардың қатысуымен балалар болашағы туралы форсайт-сессиясы жоспарланған.

«Біз үшін балалармен қарым-қатынастың әр түрлі жақтарын, актерлерді мүмкіндігінше қамту маңызды. Қазір біз алдын ала қарау сессиясында талқылауға болатын негізгі аспектілерді анықтау бойынша алдын ала жұмыстар жүргізіп жатырмыз», – дейді Евгений Виноградов.

Еске сала кетейік, өткен жылдың басында ҚҚДИ 2035 жылғы жас қазақстандықтың бейнесі, инклюзивті дүниетаным мен инклюзивті қоғамды қалыптастыру, сондай-ақ «Қазақстан халықаралық аренада» бағыттары бойынша форсайт-сессияларын өткізді. Бұл форсайт сессиялары Rapid Foresight әдістемесі негізінде жүргізілді.

Зерттеу нәтижелері туралы қосымша ақпаратты мына жерден алуға болады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button