Жаңалық

Премьер-Министр: Вакциналауды күшейту қажет

Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин науқастанудың өсу қарқыны баяулап, эпидемиологиялық жағдай біртіндеп тұрақтанып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, пандемиядан шығудың төте жолы –  вакциналау екенін айтты.

«Вирустың репродуктивтілік индексі – 1,01. Инфекциялық орындар санының 54 пайызы, ал реанимациялық орындардың 45 пайызы толық. Пандемиядан шығудың бірден-бір жолы – ол вакциналау. Қазіргі кезде 5,9 миллионнан астам адам вакцинаның бірінші компонентін, шамамен 4,5 млн адам екінші компонентін алды», – деді Үкімет басшысы. Әйтсе де бұл көрсеткіштердің жеткіліксіз екендігін айтқан Асқар Мамин вакциналау қарқынын күшейту қажеттігін алға тартты.

«Бұл мәселені, әсіресе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарының әкімдері бақылауға алуы және тамызда вакциналау жоспарының орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Барлық өңірде эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстау қажет. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Қарағанды облысының әкімдіктері бұл мәселеге ерекше назар аударуы керек. Халықтың шектеу шараларын, әсіресе, бетперде режимін сақтауын қамтамасыз ету қажет. Ол үшін мониторингілік топтардың жұмысын жандандырып, тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тарту керек», – деді ол.

Оның айтуынша, «Ashyq» жүйесіне қатысатын кәсіпкерлік субъектілерінің саны үнемі артып келе жатыр. «Олардың саны 5 есеге – 21 мыңнан 101 мыңға дейін көбейді. Бұл бизнестің жұмысын жалғастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан «Ashyq» қосымшасын қолдану аясын одан әрі де кеңейту қажет», – деген Асқар Мамин мәселені жалпы бақылауда ұстауды орынбасар Ералы Тоғжановқа жүктеді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button