Жаңалық

Иманжүсіп Құтпанұлы мұражайы

Халық композиторы, әнші, ақын Иманжүсіп Құтпанұлының немересі Раушан Иманжүсіп ашқалы жүрген мұражайда атақты әншіге байланысты түрлі экспонаттар бар.

Атақты әншінің немересі Раушан Иманжүсіп мұражайдың жыл соңына қарай ашылуы мүмкін екенін алға тартады.

Музей Ақмола облысы Аршалы ауданындағы «Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектеп» ішінде ашылмақ.

Мұражайда ақынның жеке қолданысында болған, әнші жайлы зерттеу деректері мен архив материалдары бар мыңнан аса жәдігер тізілген.

Экспонаттардың ерекшесі – халық композиторының қасқыр ішігі мен білте мылтығы.

Иманжүсіп Құтпанұлы 1863 жылы Павлодар облысы, Ақсу ауданында дүниеге келген.

Сазгер 1930 жылы 20 желтоқсан күні тұтқынға түскен.

ОГПУ жанындағы үштіктің шешімімен 1931 жылдың 2 наурызында атылған.

Ақын 1990 жылы толық ақталған.

Иманжүсіп – Жаяу Мұса, Мәди сияқты әділет, теңдікті жырлаған күрескер әнші. Оның кең ауқымды әндері Арқада, Жетісуда кең таралған.

Раушан Иманжүсіп 2001 жылы жарыққа шығарған «Иманжүсіп атты кітапқа Иманжүсіп әндері толық енген.

Иманжүсіп өлеңдері Орталық ғылыми кітапхананың сирек қолжазбалар қорында сақтаулы

 

Басқа материалдар

Back to top button