Жаңалық

Токио-2020: Давид Дегтярев Паралимпиадада алтын жүлде иеленді

Давид Дегтярев 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде пауэрлифтингтен 174 келі нәтижемен «алтын» иеленді.

Бұл салмақта француз Бурлон Аксель (165 кг) «күміс» жүлделі болса, ал «қола» жүлде грек Бакочристос Димитриоске (165 кг) бұйырды. Осылайша, Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындары аясында бірінші марапатқа ие болып отыр.

Давид Дегтярев 1996 жылы Ақмола облысының Атбасар қаласында дүниеге келді. Давид пара пауэрлифтингпен 2016 жылдан бері айналыса бастады. Жеке жаттықтырушы-Колесников Юрий Николаевич. 2021 жылы Тблисиде өткен Әлем Кубогінде ол 185 кг-ға дейін салмақ көтеріп, Азия рекордшысы болды. Айта кетсек, Қазақстан тарапынан 26 параспортшы 7 спорт түрі бойынша қатысып, ел намысын қорғайды. Паралимпиада ойындары 2021 жылдың 24 тамызынан – 5 қыркүйек аралығында Токиода өтіп жатыр.

Басқа материалдар

Back to top button