Жаңалық

Павлодарда «Еңбек – елдің мүддесі» жобасы басталды

«Еңбек – елдің мұраты» арнайы жобасы аясында Ақтоғай ауданының мектептерінде «Еңбек – елдің мүддесі» аудандық жобасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Аталған жобаның мақсаты – қажырлы еңбектің арқасында табысқа жеткен  адамдардың тәжірибесін, еңбекқорлық құндылықтарды және оқушыларға еңбекке деген сүйіспеншілікті насихаттау. Жоба координаторы – Өнер мектебі, мектеп директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Ансаған Хусаин.

– Жоба аясында өтетін іс-шараларға тоқталатын болсақ, жобаның бірінші шарасы ретінде оқушылар «Еңбек түбі – береке» тақырыбында эссе жазып, аудандық сайысқа қатысты. Эссе сайысына ауданның 23 мектебінен үш тілде 70-тен  астам жұмыс түсті. Оқушылардың жазған эссесінен түйіндейтін болсақ бүгінгі оқушыларымызды еңбек тақырыбы, осы бойынша мақал-мәтелдер жаттау мен болашақта елге аянбай қызмет ету айрықша толғандырады, – дейді Ақтоғай ауданы білім бөлімінің бас маманы Динара Жансейітова.

1-4 сынып оқушылары үшін еңбек тақырыбында мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды жаттау бойынша онкүндік өткізілді. 5-9 сынып оқушылары «Әжелер мен аталардан сұхбат» іс-шарасына қатысып, бұл сұхбатта балалар әжелер мен аталар ретінде танылып, еңбекте жетістіктерге жетті. Ағымдағы айда мектептерде ұлы адамдардың еңбек туралы дәйексөздерін ұйымдастыру бойынша іс-шаралар өткізілуде. Бұл жобаға 2000-нан астам оқушы қатысты.

Павлодар облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Back to top button