Жаңалық

Қазақ тілі – даудың тақырыбы емес

Ақмола облысының Әділет департаменті ZOOM қосымшасы арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, оның қолдану аясын кеңейту мақсатында және Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан халқы тілдерінің күніне арналған «Тіл – Тәуелсіздіктің тірегі» атты дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Аталмыш іс-шараға Ақмола облысының «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің ұйымдастыру-жобалау бөлімінің басшысы, Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы, сонымен қатар Әділет департаментінің және ауданаралық аумақтық әділет, сот актілерін орындау жөніндегі бөлім қызметкерлері қатысты.

Ақмола облысы Әділет департаменті басшысының м.а. Г. Әкімова дөңгелек үстел отырысын ашып,  барлық қатысушыларды Қазақстан халқы  тілдері күнімен құттықтап, мемлекеттік тіл елдің шығу тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен теңдессіз тарихи құндылықтарын дәріптеп, қай мемлекет болмасын өзінің сөйлеу мәдениетін тек ана тілінде ғана қалыптастыра алатынын және қазіргі таңда барлық салалар бойынша мемлекеттік құзырлы органдардың қызметкерлері мемлекеттік тілде іс-құжаттар жүргізу, ауызекі немесе телефон арқылы сөйлесу, мемлекеттік тілде қызметтік этиканы сақтау арқылы заман талабына сай сөйлеу мәдениетін қалыптастыруы кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі екенін тілге тиек етті.

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Мәңгілік ел» идеясын ұсынып, мемлекеттік тілді мәңгілік тіл ретінде қалыптасатынына баса назар аударған еді. Елбасы өз сөзінде: «… Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн», – деп мемлекеттік тілдің болашағын біржола бағамдап, нүктесін қойғандығы жөнінде Департаменттің бас маманы Т. Белібекова өзінің «Мәңгілік ел –  мәңгілік тіл»  баяндамасында баяндап өтті.

Сонымен қатар, шара барысында Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының Ақмола облыстық оқу – әдістемелік орталығының оқытушысы Д. Жапарова  мемлекеттік тілді үйрену  барысында кездесетін кедергілерді жою мәселелері жөнінде мағлұмат берді. Іс – шара соңында Департамет қызметкерлері қазақ, орыс, ағылшын, татар тілдерінде өлең шумақтарын тарту етті.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button