Жаңалық

Тіл мәртебесі – ел мәртебесі

Бүгін Қазақстан халқының Тілдер күніне арналған «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты онлайн-дөңгелек үстелі өтті. Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі М. Әзілханов, Парламент Мәжілісінің депутаты Н.Дементьева, ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері, ғылыми және шығармашылық қауым өкілдері, этномәдени бірлестіктердің жастары, «Жаңғыру жолы» РЖҚ және медиа өкілдері қатысы.

Іс-шараның мақсаты – тіл мәдениеті мен жалпы адамзаттық рухани құндылықтар қағидаттарына негізделген қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті, қазақстандық бірегейлікті, толеранттылық пен өзара түсіністікті нығайту және дамыту.

ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов алғы сөзінде Президенттің биылғы Жолдауының маңызы туралы айта келіп, Мемлекет басшысының тіл саясатына басымдық бергенін назарға алды. Сондай-ақ, ол тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап республикада бүкіл Қазақстан халқының мүдделерін ескеретін, елдің барлық этностарының тілдік құқықтарының сақталуын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты жүргізіліп келе жатқанын атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар қазіргі таңда елдегі әр түрлі этнос арасында қазақ тілінің мәртебесі жоғары екенін атап өтті. ҚХА қоғамдық құрылымдарының қызметі жағдайында тіл саясатын одан әрі дамытудың негізгі бағыттары бойынша пікір алмасу барысында республикалық этномәдени бірлестіктер мен ҚХА өңірлік құрылымдарының өкілдері мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісіп, Қазақстандағы тілдерді дамытудың өзекті мәселелерін ортаға салды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button