Жаңалық

Жолдау қалай жүзеге аспақ?

Мемлекеттік жастар саясаты мектебі аясында Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру жолдары талқыланды.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен 2021 жылғы 8-10 қыркүйек аралығында Алматы қаласында Жастар ресурстық орталықтары жұмысының сапасын арттыру бойынша семинарлар кешенін өткізеді.

Үш күндік семинардың алғашқы күні қатысушылар мен өңірлік жастар ресурстық орталықтарының басшылары ел Президенті Жолдауының негізгі бағыттарын және мемлекеттің стратегиялық бағытын одан әрі іске асырудағы жастар белсенділерінің рөлін талқылады. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының білім, ғылым, цифрлық технологиялар, креатив, индустрия, рухани-адамгершілік тәрбие және басқа да маңызды әлеуметтік салаларда жастарды қолдау туралы бастамаларына жастардың ерекше назары аударылды.

Алдағы екі күн ішінде Жолдауда қойылған жаңа міндеттерді ескере отырып, мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарын талқылау жоспарлануда. Бірінші кезекте, жастар саясаты саласындағы жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін өлшеудің маңызды құралына айналатын Жастардың даму индексі қаралады. Сонымен қатар «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының сарапшылары әзірлейтін NEET санатындағы жастарды анықтау мен есептеудің жаңа әдіснамасын зерделеу де маңызды бағыт болады.

ЖРО жұмысының сапасын арттыру мәселелеріне арналған семинар-тренинг Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының алаңында өтуде.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button